Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 20 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы № 20 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын;

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

5-тармақтың ж) тармақшасында:

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе" деген сөздер алынып тасталсын;

"2-5" деген сандар "4 және 5" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

бірінші абзацта:

"Тауардың атауы" деген бағандағы "Піл сүйегі, маралдың" деген сөздер "Маралдың" деген сөзбен ауыстырылсын;

"Қазақстан Республикасының лицензия беру туралы шешімді келісетін мемлекеттік органы" деген бағандағы ", Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген сөздер алынып тасталсын;

"ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша тауардың коды" деген бағанның он екінші абзацында:

"2846" деген сандардан кейін "7110 41 000 0" деген сандармен толықтырылсын;

"8104 11 000 0" деген сандар алынып тасталсын;

"Қазақстан Республикасының лицензия беру туралы шешімді келісетін мемлекеттік органы" деген бағанның он алтыншы және он жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі";

көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

"Тауардың атауы" деген бағанның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Пестицидтер (улы химикаттар)".

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку