Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ

Осы редакция 2005 ж. 29 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 24 қарашадағы

№ 1232 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту
комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі құзыретiнiң шегiнде автожол секторын дамыту және магистральдық темір жол салу саласындағы iске асыру және бақылау функцияларын, сондай-ақ үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

Комитеттiң негiзгi мiндеттерi автомобиль жолдары желісін дамыту және магистральдық темір жол салу, сондай-ақ қызмет көрсетiлетiн автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды көлiк құралдарының үздiксiз және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ететiн жай-күйде күтiп ұстау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру және бақылау болып табылады.

Комитеттiң облыстарда аумақтық органдары болады.

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

Комитеттiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку