Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1249 Қаулысы (күші жойылды)

«қазақстан республикасы үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қазақстан республикасы үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1249 қаулысы

 

қр үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 676 қаулысымен күші жойылды

 

қазақстан республикасының үкіметі қаулы етеді:

1. «кедейлік шегін анықтаудың тәртібі туралы» қазақстан республикасы үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысына (қазақстан республикасының пүкж-ы, 2000 ж., № 18, 198-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. қазақстан республикасы статистика агенттігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктері ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу ережесін әзірлесін және бекітсін.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген кедейлік шегін анықтаудың тәртібінде:

2-тармақ «кедейліктің шегі» деген сөздерден кейін «ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына дейін кезең-кезеңмен арттыру қағидатын негізге ала отырып,»деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақтағы «30» деген сандар «40» деген сандармен ауыстырылсын.

2. осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

қазақстан республикасының

премьер-министрі

д. ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку