(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Осы редакция 2005 ж. 20 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретiне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негiзгi мiндеттерi бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру, оның iске асырылуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретінiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндетті күші бар төрағаның бұйрықтарымен ресiмделетін шешiмдер қабылдайды.
5. Комитеттің штат санының лимитін және құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Редакция документа
Демо – версия документа