(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2005 ж. 24 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Бәсекелестiктi қорғау комитетi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Бәсекелестiктi қорғау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құзыретi шегiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудi, белгiлi тауар рыногында басымдық жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу, бәсекелестiктi дамытуды қорғау және үйлестiру, сондай-ақ белгілi тауар рыногында басымдық жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет туралы Ереженi, штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
4. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары бар.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Комитеттiң мемлекеттік мекемелерi - облыстар мен Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелерi) бар.
Редакция документа
Демо – версия документа