Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 16 мамырдағы № 1573 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 857 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 16 мамырдағы
№ 1573 Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 857 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 2975 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 16 мамырдағы № 1573 Жарлығының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қарашадағы № 3223 өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 103 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 2, 22-құжат);

2) «Қазақстан Республикасында лотереяларды ұйымдастыру мен өткiзудiң жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1328 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 49, 449-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы;

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 565 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 19, 209-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерістердiң 3-тармағы.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку