Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы « Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 70-III Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы

 

"Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

1-бап. "Соғыс жағдайы туралы" 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 22-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"8) әскери басқару органдары - стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті әскери басқару органдары.";

2) 6-баптың 1-тармағында:

9) тармақшадағы "заңдарында" деген сөз "заңнамалық актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

16) тармақша алып тасталсын;

3) 9-бапта:

9) тармақша алып тасталсын;

13) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Осы баптың 3), 4), 6) тармақшаларында аталған нормативтік құқықтық актілер соғыс жағдайы күшінде болған кезеңде де, оны енгізгенге дейін де қабылдануы мүмкін.";

4) 10-бапта:

3) тармақша алып тасталсын;

4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігінің қажеттерін қаржыландыру тәртібін белгілейді," деген сөздер алып тасталсын;

6) тармақша алып тасталсын;

9) тармақша алып тасталсын;

5) 12-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "заңдарына" деген сөз "заңнамалық актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "заңдарына" деген сөз "заңнамалық актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті 

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы  шілденің 8-і.

№ 70-III ҚРЗ

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку