Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 616 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 616 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012.06.04. № 422 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 431 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 13, 147-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

Мұнайдың төгілуiне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

 

Көпеев                     - Қазақстан Республикасының Төтенше
Мұхамбет Жұманазарұлы        жағдайлар министрi, төраға

 

Сатылғанов                 - Қазақстан Республикасы Төтенше
Диханбек Жанқоразұлы         жағдайлар министрлігі Азаматтық
                             қорғаныс, әскери бөлiмдер және жедел
                             ден қою департаментiнiң директоры,
                             хатшы

 

Абайдiлдин                 - Қазақстан Республикасының
Талғатбек Жәмшитұлы          Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi

 

Рысқалиев                  - Атырау облысы әкімінiң орынбасары
Бергей Сәулебайұлы

 

Оңғарбаев                  - Қызылорда облысы әкімінiң
Имамадин Зәкiрұлы            орынбасары

 

Өмiрзақов                  - Ақтөбе облысы әкімінiң бiрiншi
Iзбақ Қуанышұлы              орынбасары;

 

мына:

«Бижанов Нұрахмет Құсайынұлы - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы, төраға» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Бижанов Нұрахмет Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бiрiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары»;

көрсетiлген құрамнан Күшенов Ахметжан Рахымбайұлы, Байғожин Марат Имашұлы, Ретаев Серiк Сәлiмұлы, Химчук Олег Геннадьевич, Дүйсекенов Нұрсiләм Рахымұлы шығарылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

6-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігi төрағасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ алынып тасталсын;

8-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Д. Ахметов

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку