Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 952 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 614 Қаулысы (күші жойылды)

“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi № 952
қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 614 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 169 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлiгі туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi № 952 қаулысына мынадай өзгерістер енгізiлсiн:

1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамына мыналар енгізiлсiн:

 

Кравченко              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Иван Михайлович          сауда бiрiншi вице-министрi, тең төраға

 

Бөлегенов              - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Ерғали Бөлегенұлы        министрлігі Тәуелсiз Мемлекеттер
                         Достастығы iстерi департаментiнiң
                         директоры, жауапты хатшы;

 

көрсетiлген құрамнан Ғұсман Кәрiмұлы Әмрин, Самат Исламұлы Ордабаев шығарылсын;

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ережеде:

7-тармақтың 4) тармақшасындағы "және қажет болған кезде нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушыларын көрсете отырып, қол жеткiзген уағдаластықтарды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы Үкiмет шешiмiнiң жобасын" деген сөздер алынып тасталсын.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 43 қаулысы;

2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 211-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы;

3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 43 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 қарашадағы № 1117 қаулысы.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку