«Мелиоратор» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 314 Қаулысы
"Мелиоратор" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жекешелендiру туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 314 Қаулысы
"Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңына және "Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмділiгiн арттырудың 2003 - 2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Мелиоратор" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi қызмет бейiнiнiң сақталуын негiзгi шарт етiп анықтай отырып, Кәсiпорынды тендерде мүлiктік кешен ретiнде сатуды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Павлодар облысы" деген бөлiмдегi реттік нөмiрi 265-9-жол алынып тасталсын;
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлiмде реттік нөмiрi 205-5-жол алынып тасталсын.
4. "Мелиоратор" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1395 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |