Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 307 Қаулысы (күші жойылды)

“Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы
№ 434 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
6 ақпандағы № 147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 307 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тізбесінде:

16-тармақ алынып тасталсын.

2. "Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінің ұлттық жүйесі" 2004 - 2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 147 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 6, 86-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку